«Ең бастысы, жүрек қалауы». Мамандық таңдау мәселесі жасөспірімдер өмірінің ең маңызды да жауапты кезеңі болғандықтан мектепте психологиялық және кәсіби бағдар беру қызметі барысында 04 сәуір күні 7-8 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруші педагог Д. Қартбайқызы және мектеп психологы А.Кунайқызымен бірлесіп, мамандық таңдауда қолданылатын психологиялық диагностика бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қорытындысының негізінде психологиялық кеңес беріледі.

