Skip to content

«16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай кездесу

09.12.2024ж күні жоспарға сәйкес 9-11 сынып оқушыларымен «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай кездесу болып өтті. Мақсаты: бабалар арманы, ананың тілегі болған Тәуелсіздіктің тарихы туралы ұғындыру, ана тілімізді ардақтау, ұлттық рәміздерді қастерлеу, білім алушылар бойына патриоттық сезім орнату. Халқымыздың тарихи өткеніне, бүгін және жарқын болашағына ой жүгіртіп, пікір алмасу мақсатында өткен бұл шараның қонақтары: Мұнай-газ саласының ардагері, жеке кәсіпкер, желтоқсаншы Салманов Фазылбек Өтегенұлы және желтоқсаншы қазіргі таңда «МАЭК»ЖШС қызметкері Есентурлиева Маржан ханымдар. Кездесу барысында желтоқсан оқиғасында өздерінің бастан кешкендерін, Тәуелсіздіктің жеңіл келмегенін өткені мен қазіргі өмірлері туралы айтылды. Білім алушыларға отанды сүю, отанға адал қызмет етіп білімді маман болу туралы ақыл кеңестерін айтты. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып қиын кезеңде жаны мен жастық шағын берген бүгінгінің батырларына өз алғыстарын білдірді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *