22.10.2024ж. 25 — қазан Республика күніне орай өткізілген кітап көрмесі. «Менің Отаным — Қазақстан» кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.

