Skip to content

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

Мектебімізде «Қауіпсіз балалық шақ»айлық іс-шарасы аясында 11.11.2024ж күні 7-11 сынып кыздарымен «Қызға қырық үйден тиым» тақырыбында кыздар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл,

жүріс -тұрыс дағдысы,қыз намысы, сымбат туралы жан -жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік , әдептілік, әдемілік, сыпайылық, тазалық жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Жиналыс барысында ДТЖО:Бисенова Ұ. мектеп ережесі, қыздардың тәртібі, тазалығы, мектеп формасы туралы айтып өтті. Педагог-психологы-Айткулова А.

🔊 «Кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында психологиялық кеңестермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кибербуллинг – әлеуметтік желіні қолдану арқылы WhatsAap, Instagram,facebook арқылы қасақана қорлау және қудалау. Қыздарға таныс емес адамдармен әлеуметтік желі арқылы сөйлеспеуге,өзіне қатысты /мекен жайы,суреттері,т.б/ ақпараттарды бермеуге, видеороликтер мен кеңестер ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *