Мектебімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқан іс-шарасы аясында 25.11.2024ж.күні 9-11 сынып қыз балаларына ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №1 Ақтау қалалық емханасының психологы К.Т.Көбенова, гинеколог-ювенолог дәрігер Ф.Ш.Шаюнусова кездесу өткізілді. Кездесуде қыз бала денсаулығы, ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Денсаулықты сақтау барысында күнделікті дәрумендерді уақытында қабылдап, дұрыс тамақтану қажет екендігі айтылды.
Кездесуге қатысқан білім алушылар саны: 65

