Skip to content

«Ер есімі ел есінде» тақырыбындағы патриоттық кездесу

Еліміздің тәуелсіздігі жолындағы батырларымызды еске алу шарасы өтті.

Бүгін мектебімізде 9-10-11 сынып оқушыларына арналған «Ер есімі ел есінде» тақырыбындағы патриоттық кездесу өтті. Шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі жолында өз ерліктерімен тарихта қалған батырларымызды еске алу, олардың батырлығын, отан сүйгіштігін ұлықтау және оқушыларға ел тарихын таныту.

Кездесуге құрметті қонақтарымыз ретінде ҚР ІІМ ҚАЖД  кадр қызметкерлері, ҚР ҰҚК шекара қызметінің сарбаздары мен офицерлері  қатысты. Олар оқушыларға батырларымыздың ерліктері мен олардың Қазақстан тарихындағы орны туралы қызықты әңгімелер айтып, патриоттық тәрбие мен елжандылыққа шақырды.

Шара барысында мектеп оқушылары өздерінің ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, қазақ халқының ұлы ерлерін ұлықтау мақсатында көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *