5 наурыз күні 3 сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен “Наурыз — құт-береке бастауы!” жоспары аясында “8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні!” мерекесіне орай “Арулар, аналар, асыл жандар!” тақырыбында мерекелік тәрбие сағаты өтті. Шара мақсаты: оқушылардың арулар мерекесі туралы түсініктерін дамыту. Кеш барысында оқушылар аналарға, әжелерге және ұстаздарға құттықтау тілектерін білдіріп, ән арнап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

