8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Арулар-асыл жандар” атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл іс- шараның басты мақсаты – аналарымыз бен аруларымыздың қоғамдағы рөлін айшықтап, оларға құрмет көрсету, мейірім мен махаббатқа толы жүректеріне алғыс білдіру.
Іс-шара барысында аяулы ұстаздар сый-сияпат көрсетіліп, олардың қоғамдағы еңбегі мен отбасындағы асыл рөлі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, мектебіміздің біршама мұғалімдері мен қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының арнайы Алғыс хатымен, және мектеп директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

