Skip to content

«Тәрбиелі ұрпақ-қауіпсіз қоғам»

Мектебімізде 24.04.2025ж Актау қаласының прокуратурасының бөлім аға прокуроры Надиров Қанат Әмірбайұлы «Тәрбиелі ұрпақ-қауіпсіз қоғам» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық сауаттылық, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оларды өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Кездесу барысында оқушыларға ҚР Конституциясы мен заңнамаларының негізгі талаптары туралы түсіндіріп, құқық бұзушылық пен қылмыстық жауапкершілік жөнінде видеороликтер көрсетіліп нақты мысалдар келтірді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптарға байланысты кеңестер алды. Прокурормен ашық сұхбат форматында өткен кездесуде қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері жөнінде тереңірек түсінік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *