1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар – еліміздің болашағы, үміті мен арманы. Балаларға жақсы тәрбие, сапалы білім беріп, құқықтарын қорғау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Осы мерекеге орай мектебімізде “Балалар әлемі-армандар мекені” тақырыбында Өмірзақ ауылдық әкімшілік ұжымымен бірлікте мерекелік іс-шара өтті. Концертте балалар эстафеталық ойындар ойнап, асфальтқа сурет салып, өнерлі оқушылар өнер көрсетті. Мерекеге келген оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. Балаларды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз 💐
