“Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
— баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру;
— ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту;
— салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары туралы түсініктерді тереңдету;
— баланың ұйқысы пайдалы болуы үшін күн тәртібін сақтаудың нақты алгоритмін қалыптастыру;

