20.05.2025 жылы мектебімізде Маңғыстау станциясының Желілік полиция бөлімінің
Ақтау қаласы теңіз портына қызмет көрсету жөніндегі желелік полиция бөлімшесінің полиция аға сержанты Куланмергенов Берекет Мырзанович Манғыстау станциясындағы АХТСП»ҰҚ»АҚ нысанын күзететін ӘТЖК АК бастығы Б.З. Абуов ұйымдастыруымен «Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ»тақырыбында оқушыларға әңгіме-сабақ, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мақсаты: балаларымызға темір жолдан қауіпсіз өту ережелері,сонымен қатар вагондардың астынан өтпеуге, теміржолға жақын жерде ойнауға болмайтындығы, ережені бұзған жағдайда ҚР ҚК және ӘК-не сәйкес қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылатындығы жөнінде түсіндірілді. Білім алушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.Балалар жаңа білімдер алып, қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызын ұғындыру.
