Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, республикалық басқару жүйесінің мәнін ұғындыру, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу арқылы елге, жерге деген патриоттық рух пен құрметті арттыру.
Республика күніне орай «Республика – Тәуелсіздіктің тірегі» атты тәрбиелік бағыттағы бейнеролик түсіру жұмысы жүргізілді. Аталған бейнематериалда Қазақстан Республикасының егемен ел ретіндегі тарихи жетістіктері, Ата Заңымыздың маңызы және ел болашағын кемелдендіруге бағытталған ұлттық құндылықтар көрініс тапты.
Бейнероликке мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеп, тәуелсіздік жолындағы тарихи сәттерді сахналық көріністер арқылы көрсетті. Елбасы мен Президенттердің саяси бағытына, ел дамуына қосқан үлесіне тоқталып, қазіргі Қазақстанның әлемдік аренадағы орны туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Бейнеролик мазмұнына өлең жолдары, патриоттық әндер, ұлттық нақыштағы көріністер мен деректі материалдар енгізіліп, шығармашылықпен үйлестірілді. Туынды оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятуға және республика құндылығын терең түсінуге бағытталды.
Түсірілген бейнеролик тәрбиелік және танымдық мазмұнға бай дүниеге айналды. Шара оқушылардың бойында елін сүюге, мемлекеттік мүддені құрметтеуге, азаматтық жауапкершілікті түсінуге жол ашты. Бұл туынды – ұрпаққа Тәуелсіздіктің қадірін ұғындыруда маңызы зор рухани құрал болмақ.

