Мектеп инспекторы, полиция капитаны Жүсіпбеков Өркен Мұсаұлының қатысуымен 1-сынып оқушыларына арналған «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас оқушыларға жаяу жүргіншілердің міндеттері мен жолда жүру ережелерін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу, көшеде өз-өздерін қалай қауіпсіз ұстау керектігін үйрету болды.
Мектеп инспекторы балаларға бағдаршам түстерінің мағынасын, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану ережелерін, жол белгілерінің негізгі түрлерін түсіндіріп, қызықты сұрақ-жауап форматында сабақ өткізді. Сонымен қатар оқушыларға ойын алаңында емес, тек арнайы жолмен жүру қажеттігі, мектептен үйге дейінгі жолда сақтықпен жүру керектігі ескертілді.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында көрнекі суреттер мен белгілер қолданылып, шағын жағдаяттар арқылы қауіпсіздік шаралары мысалмен түсіндірілді.
Іс-шара өте әсерлі өтті. Оқушылар жол ережелерін сақтаудың маңызын ұғынып, күнделікті өмірде қалай әрекет ету керектігін меңгерді. Бұл түсіндіру жұмысы балалардың жолда өзін-өзі дұрыс ұстауына, қауіптен сақтануына үлкен септігін тигізді.

