Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу
Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Есмурзаев Альберт Үсенұлының қатысуымен «Прокурор сағаты» өткізілді. Сонымен қатар, «QR профилактика» жобасының жаңа нұсқасы іске қосылғанын ескертті.
Бұл QR-кодтың барлық мектептерде ілінген, сондай-ақ прокуратураның Instagram парақшасында да бар. Осы QR арқылы прокурормен Telegram-ботта анонимді немесе ашық түрде байланысып, сұрақтарды қоя алатындығы туралы айтып өтті.
Мектебімізде балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:
1.Балалардың бос уақытынды тиімді ұйымдастыру
2.Интернет пен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын сақтау
3.Темекі, алкоголь, құмар ойын секілді зиянды әрекеттердің алдын алу
4.Буллингтің алдын алу
5.Мектепке қауіпсіз келіп-кету жолдарын бақылау
6.Құқықтық сауаттылықты арттыру және бала тәрбиесінде заңды құралдарды қолдану
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасады.

