Skip to content

«Қызға қырық үйден тыйым»

Ұлттық тәрбие негізінде қыз балаларға тән әдептілік пен инабаттылықты, қоғам алдындағы жауапкершілік пен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру, олардың тұлғалық дамуына оң әсер ету.

Мектеп инспекторы Жүсіпбеков Ө.М, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ильмурадова Ж.К, Бек Д.Қ  9–11-сынып қыздарының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналысты тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ашып, қазақ қоғамындағы қыз баланың орны мен рөлі, ұлттық тәрбиенің өзектілігі туралы айтты. Ол «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің негізі» екенін атап өтіп, әрбір қыз баланың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталды.

Мектеп инспекторы Жүсіпбеков Ө.М. жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет пен әлеуметтік желідегі қауіптер, түнгі уақытта көшеде жүру, бөтен адамдармен байланыс тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында нақты мысалдар келтірді. Ол қыз балаларға өз қауіпсіздігін сақтаудың маңызын, сақтық пен сыпайылықтың өмірлік қажеттігін ерекше атап өтті.Жиналыс барысында қыздар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасты.

Жиналыс тәрбиелік және танымдық тұрғыдан әсерлі өтті. Қыз балалар ұлттық тәрбие мен жеке жауапкершілік туралы маңызды ақпарат алып, өздерін мәдениетті, салиқалы, тәрбиелі тұлға ретінде қалыптастыруға бағыт алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *