2025 жылдың 15 қазан күні мектептебімізде «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» мақсатында жоспарлы эвакуациялық жаттығу өткізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер құрамы, техникалық қызметкерлер және барлық оқушылар толықтай қатысты.
Эвакуациялық жаттығу мектепте өрт дабылы қосылған сәттен басталып, оқушылар мен қызметкерлер арнайы нұсқаулық бойынша белгіленген қауіпсіз аймаққа шығарылды. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды тәртіппен, асықпай, алайда жылдам түрде сыртқа шығарып, жинау орнында түгелдеп, есеп берді. Бұл үдеріс барысында мектеп қызметкерлері мен оқушылар бірлесіп, жаттығу талабын толықтай орындады.
Жаттығу барысында мектеп директорының орынбасары мен қауіпсіздікке жауапты маман өрт кезінде туындайтын қауіптер мен сақтық шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әр оқушыға төтенше жағдайда өзін қалай ұстау, қай есік пен жол арқылы эвакуациялану керектігі нақты көрсетілді. Сонымен қатар өрт кезінде орын алуы мүмкін дүрбелеңнің алдын алу үшін сабыр сақтау, мұғалімнің бұйрығын орындау керектігі айтылды.
Эвакуациялық жаттығу сәтті өтті. Барлық қатысушылар тәртіп сақтап, қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындады. Бұл іс-шара оқушылардың төтенше жағдайға деген дайындығын арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік берді. Алдағы уақытта мұндай жаттығуларды жүйелі түрде өткізіп тұру жоспарланды.

