Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында «Сен таңдаған жол» тақырыбында ақпараттық-тәрбиелік кездесу өткізілді. Шара барысында әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген мамандар – дәрігер, мұғалім, инженер, кәсіпкер және полиция қызметкері – оқушылармен кездесіп, өз мамандықтары туралы баяндап, тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Мамандық әлеміне саяхат» атты бейнеролик көрсетіліп, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында баяндама оқыды. Оқушылар түрлі мамандықтар туралы ой қозғап, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Іс-шара оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, еңбекке құрметпен қарауға, өз қабілеттерін тануға септігін тигізді. Оқушылар «әр мамандық – бір әлем» екенін түсініп, жауапкершілікпен таңдау жасау қажеттігін ұғынды.

