Дублер күні кезінде оқушылар нақты бір мамандықты өз көздерімен көріп,оларға оқушы ретінде мұғалім немесе басқа да қызметкерлердің рөлін орындап сезіне білді. Бұл олардың келешектегі мамандықтары туралы түсініктерін тереңдетеді. Дублер күні оқушыларға мамандықтың оң жақтары мен қиыншылықтарын да көруге мүмкіндік берді. Олар жұмыстың барлық аспектілерін, кейде қиындықтарды да көрді, бұл оларға жұмыстың әр түрлі жағын терең түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі мамандықтардың этикалық аспектілерімен танысып, қандай жағдайларда кәсіби шешімдер қабылдауға болатындығын, еңбек этикасын қалай сақтау керектігін біліп үйренеді.