2025 жылғы 12 қарашада бастауыш сыныптар арасында «ДосболLikе: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында «Досыма арнаймын» челленджі өткізілді. Челлендж барысында оқушылар өз достарына арнау өлеңдер, ашық хаттар, суреттер мен шығармашылық тілектерін жолдап, достықтың маңызын жеткізді.
Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, достарына жағымды эмоция сыйлады. Челлендж балалардың достыққа, татулық пен бірлікке негізделген көзқарасын тереңдетуге мүмкіндік берді.

