«ДосболLikе: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Зияткер достар» атты сайыс өткізілді. Шара барысында қатысушылар логикалық, танымдық және жалпы білімге негізделген сұрақтарға топ болып жауап берді. Оқушылар ұйымшылдық танытып, тапқырлықтарын, ой-өрістерін көрсетті.
Сайыс ойын түрінде өтіп, достық пен сыйластықты дәріптейтін сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білім мен мәдени қарым-қатынасты ұштастырды. Шара тартысты әрі қызықты өтті, барлық қатысушылар белсенділік танытты. Зияткерлік сайыс оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп қана қоймай, достық пен бірліктің маңызын түсіндіруде үлкен рөл атқарды. Іс-шара өз мақсатына толық жетіп, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде болды.

