Іс-шара мақсаты: Оқушылар арасында буллингтің (қорқыту, мазақ ету, зорлық көрсету) алдын алу, мектеп ұжымында достық, өзара сыйластық атмосферасын қалыптастыру, психологиялық зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның зардаптары туралы түсінік беру.
Сынып сағаттары интерактивті форматта өткізілді. Оқушылармен буллингтің түрлері, себептері мен салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді. Шынайы өмірден алынған жағдаяттар арқылы пікірталас ұйымдастырылып, қорғану жолдары түсіндірілді. Оқушылар «жақсылық шеңбері» жаттығуы арқылы бір-біріне жылы сөздер айтып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс-қимылдар жасады. Мектеп психологы буллингтен қорғанудың психологиялық тәсілдерімен таныстырды.
Іс-шара оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы жауапкершілікті сезінуіне, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті. Буллингке қарсы күрес дағдылары түсіндіріліп, балалардың бір-біріне деген сенімі мен құрметі артты. Шара өз мақсатына толықтай жетті.

