Аталған күні мектебіміздің 1–11-сынып оқушылары арасында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Шара барысында оқушыларға адалдық ұғымының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктер беріліп, адал еңбек пен табыстың байланысы, еңбектің қадірі мен заңсыз жолмен табылған пайдаға қарсы көзқарас қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Сынып жетекшілері интерактивті әдістерді қолданып, бейнероликтер, мысалдар, өмірден алынған жағдаяттар арқылы оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, адал өмір сүрудің маңызын түсініп, еңбекқор адам болуға ұмтылу қажеттігін айтты.
Сынып сағаттары нәтижесінде оқушылардың бойында адалдық, әділдік, еңбекті қадірлеу, табысқа жетудің дұрыс жолдарын таңдау туралы түсініктері кеңейіп, тәрбиелік мәні зор шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

