Skip to content

«Қамқор» жобасы: «Жақсы, жаман әдеттер» сурет көрмесі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Жақсы, жаман әдеттер» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз шығармашылық қиялдары арқылы жақсы және жаман әдеттерге қатысты көзқарастарын бейнелеп, сурет арқылы көрерменге жеткізе білді. Әр суретте тазалық, тәртіп, үлкенді құрметтеу, өтірік айтпау сияқты құндылықтар көрсетілді. Сонымен қатар, жалқаулық, дөрекілік, ұқыпсыздық сияқты жағымсыз мінездерге қарсы көзқарастары да көрініс тапты. Көрмеге барлық сынып белсенді қатысып, сынып жетекшілері оқушыларға бағыт-бағдар берді. Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Көрме тәрбиелік маңызы жоғары, мазмұнды деңгейде өтті. Оқушылардың жақсы әдеттерге бейімделуіне, жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауға ықпал етті. Игі дәстүр жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *