Сынып жетекшілер оқушылармен тарихи деректерге сүйене отырып, еліміздің егемендікке жету жолын түсіндірді. Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылып, шағын бейнероликтер көрсетілді.
Сынып сағатының мақсаттары:
— Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру, тарихи маңызын түсіндіру;
— Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар мен оқиғаларды таныстыру арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру;
— Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбие қалыптастыру;
— Мемлекеттік рәміздерге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға баулу;
— Азаматтық жауапкершілік пен белсенді ұстанымды тәрбиелеу.

