Skip to content

“Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу, мектептің ішкі тәртіп ережесі және қоғамдық тәртіп” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған жиналыс

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу, мектептің ішкі тәртіп ережесі және қоғамдық тәртіп.
Мектебімізде 9 қыркүйек күні мектебімізде “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу, мектептің ішкі тәртіп ережесі және қоғамдық тәртіп” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бисенова У.О. мектеп инспекторы Е..Асанбаев қатысты.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу, Қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыбында мектеп инспекторы оқушыларға заң алдындағы ата – аналарының жауапкершіліктерін барлық заңнамаларды нақты түсіндіріп, қосымша ақпараттарымен бөлісті. Ішкі істер тарапынан қандайда бір жағдай орын алғанда ата – ана кәмелет жасқа толмаған баласына заңды өкілі ретінде жауап беретінін ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *