1-сынып оқушыларына арналған «Абайлаңыз – балалар!» атты қауіпсіздік акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – жолда жүру ережелерін түсіндіру, оқушылардың жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу шараларын жүргізу.
Шара барысында бастауыш сынып оқушыларына жол белгілері таныстырылып, бағдаршамның жұмысы мен жаяу жүргіншілерге арналған ережелер түсіндірілді. Балаларға көрнекі құралдар, суреттер мен бейнероликтер арқылы қауіпсіздік туралы ақпарат беріліп, танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтті және олардың жолда өзін дұрыс ұстау, қауіптен сақтану туралы білімін арттыруға ықпал етті.

