Мектебімізде 25.09.2024 ж.9-11 сынып оқушыларымен № 1 Ақтау қалалық емхана мамандары кездесу өткізді.
Жиын қонақтары: АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері- Кемазанова А.Ч.
№1 АКЕ уролог дәрігері- Коптлеуов Б.Ә.
№1 АКЕ жастар орталығының психологы- Кобенова Г.Т.
Кездесу барысында мамандар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады⤵️
1. АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсініктеме, жұғу жолдары және оның алдын алу шаралары.
2. АИТВ-инфекциясының ҚР және Маңғыстау облысындағы 2024 жылдың 8 айы және өсіммен эпидемиологиялық ахуалы.
3. Урологиялық аурулар.
4. Темекінің адам ағзасына келтіретін зияны.
5. Сұрақ-жауап, ақпараттық танымдық материалдар үлестіру болды.
Жиын соңында мектеп оқушылары көкейдегі сұрақтарын қойып,мардымды жауап алып,алғыстарын білдірді.

