Мектебімізде 22.11.2024ж күні 9-11 сыныптар арасында «Алтын күз — 2024» атты мектепішілік күзгі балл байқауы өткізілді. Мақсаты: күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды шығармашылыққа деген ынтасын арттыру.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
I кезең — «Таныстыру»
II кезең — «Өнерлінің өрісі кең»
III кезең — «Сән үлгісі «
ІV кезең — «Күзгі вальс «
Әр кезең бойынша оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде өтті. Байқау қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімімен «АЛТЫН КҮЗ — 2024» байқауында Бас жүлде- 11 сынып І орын- 10 «А» сынып ІІ орын- 9 «Б» сынып ІІІ орын- 10 «Ә» сынып «Өнерлі жұп»- 9 «А» сынып «Сәнді жұп»-9 «Ә» сынып оқушылары жеңісті орындарға ие болды.
Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

