9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ата Заңым – айбыным» атты республикалық диктант ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімін кеңейту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және елжандылық қасиеттерін дамыту.
Диктант барысында оқушылар еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның мәні мен маңызы жайлы мазмұнды мәтін жазу арқылы өз ой-өрісін, жазу сауаттылығын және құқықтық түсінігін көрсетті. Іс-шара оқушылардың мемлекеттік-құқықтық бағыттағы танымын тереңдетіп, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Диктант қорытындысы бойынша оқушылардың көпшілігі тақырыпты толық меңгергенін, жазу сауаттылығы мен мазмұндық тұрғыдан жақсы дайындықта екенін көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан қызығушылық пен белсенділік байқалды.

