“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында мектебімізде «Атадан қалған ұлы мұра» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық бұйымдар көрмесі қойылды.
Көрменің мақсаты — ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Көрме арқылы жас ұрпаққа ұлттық өнердің маңыздылығын түсіндіру, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін, бейнелеу өнерін, музыкасы мен әдебиетін дәріптеу көзделеді. Сонымен қатар, көрме халықтың мәдени мұрасын кеңінен танытып, ұлттық өнердің қазіргі қоғамдағы орнын көрсету арқылы өнерге деген қызығушылықты арттыру, мәдени білім мен сана-сезімді дамытуға бағытталады.

