Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және бірлескен жауапкершілікті қалыптастыру.
Сынып жетекшілер оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат беріп, ата-аналармен кері байланыс орнатты. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Ильмурадова Ж.К Бүгінгі ата-аналар жиналысында еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу жолында атқарылып жатқан маңызды бағдарламалардың бірі – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жайында сөз қозғағым келип тұр.
Бұл бағдарлама – Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінде ұлттық тәрбие беруді күшейту, оқушы бойында адамгершілік, патриоттық, еңбекқорлық, әдептілік, адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізіне айналды. 2025-2026 оқу жылында мектебімізде тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып отыр.Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Сонымен қатар мектеп психологы: Мамбетова Үзілхан «Бала тәрбиесіндегі ата-ана беделі» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие берудегі тиімді тәсілдер туралы кеңес берді.
Ата-аналар бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеппен бірлесе жұмыс істеудің маңызын атап өтті. Жиналыс ашық пікір алмасу форматында өтіп, нақты ұсыныстар мен ортақ шешімдер қабылданды.
Іс-шара ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып, мектеппен тығыз байланыс орнатуға ықпал етті. Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен әрекеті басты назарда болатыны айқындалды.

