Мақсаты: Жас ұрпақтың Ата Заң туралы білімін кеңейту, патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бейнероликтер «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның негізі», «Ата Заң – әділет пен теңдік бастауы», «Заң бәріне ортақ» тақырыптарында дайындалды. Оқушылар өз видеожұмыстарында Конституцияның маңызын, оның қоғамдағы рөлін түрлі форматта – көрініс, сұхбат, анимация, инфографика түрінде көрсете білді.
Бейнероликтер мазмұны, сапасы, көркемдік деңгейі және идеяның өзектілігі бойынша бағаланды. Үздік жұмыстар мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

