Мектебімізде 30.04.2024 ж. күні«Мамыр – Ынтымақ айы» айлық іс-шара аясында 1 мамыр халықтар достығы күніне арналған «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» тақырыптарында мектепішілік іс -шара өтті. Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, оқу сауаттылығын арттыру. Іс-шара аясында 5-6 сынып оқушылары қазақ,орыс,түрік,грузин,әзірбайжан,өзбек ұлт өкілдерінің тағамдарын таныстырды.7-8 сынып оқушылары өзге ұлт өкілдерінің биін биледі.

