2025 жылдың 14 қазан күні оқушы орталығына 11-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өткен халықаралық «Білім және болашақ» білім беру көрмесіне қатысты.
Көрмеге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары:Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,Алматы Технологиялық Университеті,Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сондай-ақ шетелдік оқу орындарының өкілдері қатысты.
Көрмеде әр университет өз оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, халықаралық алмасу жобалары және талапкерлерге арналған жеңілдіктер туралы ақпарат ұсынды. Оқушылар түрлі бағыттағы мамандықтар – инженерия, медицина, педагогика, ІТ, дизайн, экономика салалары бойынша жан-жақты мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.Сонымен қатар, кәсіби бағдар мамандары мен жоғары оқу орындарының өкілдері оқушыларға мамандық таңдауда жеке қабілет пен қызығушылықтың маңызын түсіндірді.

