Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы.
31.05.2024ж. күні мектебімізде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.
Шара барысында балаларға эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Балалардың көңілін көтеру мақсатында балмұздақ таратылды.

