Мектебімізде 16 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты — құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Жасөспірімдер арасындағы бопсалау, қорлау, мазақ ету жағдайларының алдын алу, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, өз құқықтарын біліп, оны құрметтеу жайлы кеңірек түсіндірілді. Сондай-ақ, оқушыларға сұрақтар қойылып, жағдаяттық тапсырмалар беріліп, кері байланыс жүргізілді.

