Мақсаты – қазақ қыздарының ұлттық болмысын, сұлулығын, тәрбиесі мен білімге құштарлығын насихаттау.
Негізгі бағыттары:
Ұлттық дәстүрді дәріптеу – Қыз баланың бұрымын қазақ халқының мәдени мұрасы ретінде көрсету, оның тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Білім мен өнерді қолдау – Қыздардың тек сыртқы сұлулығымен емес, ақыл-парасатымен, білімімен ерекшеленетінін көрсету.
Денсаулық пен табиғи сұлулықты насихаттау – Ұзын, күтілген бұрым – денсаулықтың, табиғи сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру.
Қазақи тәрбиені ұлықтау – Қыз баланың инабаттылығы, тәрбиесі, өнегелі болуы қоғам үшін маңызды екенін дәріптеу.

