2025 жылдың 13 қараша айында «ДосболLikе: достық қолын ұсын» республикалық акциясы 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Достық кубогы» атты волейболдан достық сайысы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар командалық рухты, әділ ойын мен өзара құрметті көрсете білді. Жарыс достық және татулық атмосферасында өтті. Оқушылар өздерінің спорттық қабілеттерін танытып қана қоймай, бірге жеңіске жету мен жеңісті бөлісудің маңызын ұғынды.

