Skip to content

«Энергетик сусындардың адам ағзасына әсері»

Оқушыларға энергетикалық сусындардың зияны туралы ғылыми мәлімет беру, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесу барысында   медициналық қызметкері Мгимова Венера Аскарбековна  энергетик сусындардың құрамындағы кофеин, таурин, қант және химиялық қоспалардың жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамырларына және ұйқы тәртібіне тигізетін теріс әсерлері туралы баяндады. Сонымен қатар, энергетиктерге тәуелділік пен олардың жасөспірімдер үшін қауіптілігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, белсенді пікірталасқа қатысты. Іс-шара оқушылардың зиянды өнімдерден бас тартуына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *