«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектептің 1-11 сынып оқушыларына арнап Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері оқушыларға батырдың өмір жолы, әскери қызметі, соғыс кезіндегі ерлігі және жазушылық еңбектері туралы деректерді ұсынды. Сонымен қатар, «Ұшқан ұя», «Бір түннің оқиғасы» секілді шығармаларынан үзінділер оқылып, көркем фильмдерден бейнематериалдар көрсетілді.
Оқушылар Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері мен өсиеттерін талқылап, оның ұлтқа, тілге, тәрбиеге деген көзқарасы төңірегінде пікір алмасты. Жоғары сынып оқушылары эссе жазып, өз ойларын жеткізсе, бастауыш буын оқушылары сурет салып, өлеңдер жаттады.

