7«Б» сынып білім алушыларына «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Барлық пәндер арқылы оқы» бағыты бойынша Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Сатыбалдиевамен бірлесе отырып, ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттерге қызықтыру мақсатында байқау ұйымдастырылды. Алдын ала байқауға қатысушыларға Луис Фидженің «Jump, Stick, Jump» кітабы оқуға ұсынылып, I кезеңде осы «Jump, Stick, Jump» кітап бойынша Google форма арқылы дайындалған тест сұрақтары (30 минут) берілді.
Байқаудың II кезеңіне Kelley Townley «The Temple of Adventure» кітабы оқуға ұсынылып, қаңтар айында өткізілетіндігі хабарланды. Осы екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

