Мектебімізде 23.12.2024ж күні «Қауіпсіз Жаңа жыл» тақырыбында 2-3 сынып, 5-7 сынып оқушыларымен жаңа жылдық іс-шаралар кезінде және қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Жол қауіпсіздігі», «Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📌Бұл іс-шараның басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жолда жүру ережелерін түсіндіру және жолда балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын-алу болып табылады. Танымдық түсіндіру жұмыстары барысында жас жеткіншектерге ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

