Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңның қоғамдағы маңызын түсіндіру және патриоттық сезім қалыптастыру.
Эссе жұмыстары «Ата Заң – ел тұғыры», «Конституция – әділет пен теңдік кепілі», «Заңды білу – заман талабы» тақырыптары аясында жазылды. Қатысушылар өз шығармаларында Конституцияның адам құқықтарын қорғаудағы рөлін, мемлекет тұрақтылығын сақтаудағы маңызын шығармашылықпен көрсете білді.
Іс-шара оқушылардың жазылым дағдысын жетілдіріп, азаматтық көзқарасын дамытуға ықпал етті. Үздік жұмыстар арнайы марапатқа ұсынылды.
