Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, Конституцияға деген құрметін арттыру және құқықтық сана-сезімін тәрбиелеу.
Байқауға 2-3 сынып оқушылары белсене қатысып, өз жұмыстарында Қазақстанның рәміздері, Тәуелсіздік, құқық пен бостандық, бейбітшілік пен әділет тақырыптарын бейнеледі. Суреттер түрлі техникада орындалды: гуашь, акварель, қарындаш және цифрлық сурет түрінде ұсынылды.
Жұмыстар мазмұн тереңдігі, көркемдік шеберлігі және тақырыпқа сай келуі бойынша бағаланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
