Мектебімізде құқық бұзушылықтың және адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📢Кездесу барысында Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы полиция майоры Кылишаева Камила Жарылгасыновна Отбасындағы тәлім тәрбие құндылықтарды дәріптеп зиянды әрекеттерден аулақ болу туралы түсіндіру жұмыстары талқыланып, видеоролик көрсетіп, оны талқылау жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары қазіргі таңда отбасында кездесіп жатқан әртүрлі зорлық-зомбылық түрлерін атап өтіп, консультациялық және құқықтық көмектер беріліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

