“Таза Қазақстан” акциясы аясында ағымдағы жылдың 03 мамыр күні мектебіміздің аумағын тазалықта сақтау мақсатында кезекті сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп қызметкерлері белсене қатысып, мектеп айналасын қоқыстар мен шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тазалық — денсаулық кепілі. Мектебімізді бірге көркейтіп, үлгі болайық!
