Мектебімізде 27.09.2024 ж.күні 8-11 сынып қыздар арасында «Қыз қылығымен сымбатты»қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ұ.Бисенова қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғады, тақырыпқа сай слайд көрсетті..Мектеп психологы: Айткулова А.ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беріп өтті. Жиналыстың мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.

