Skip to content

Майормен кездесу

2025 жылғы 3 желтоқсанда мектебімізде 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытындағы ақпараттық-насихаттық кездесу өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары, азаматтық қорғау майоры Наурызов Р. арнайы келіп, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында майор Наурызов Р. ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының құрылымы, оқу бағдарламасы, қабылдау ережелері, оқу барысындағы жеңілдіктер, әскери тәртіп және бітіргеннен кейінгі қызметтік перспективалар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, үміткерлерге қойылатын талаптар, медициналық тексеру және спорттық нормативтер бойынша талаптар түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *