Мектебімізде 08.11.2024ж күні «Қауіпсіз балалық шақ»іс -шарасы аясында 5 сынып оқушылары арасында «Мейірімді жүрек»атты дәстүрлі өтетін қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Кең болсаң, кем болмайсың», «Жақсылық жасап жарысайық» ұстанымын ту еткен білім алушылар және түрлі тағамдарды өз қолдарымен әзірлеп, тиімді бағада мектеп оқушыларына ұсынды. Аталмыш сауабы мол шараға мектеп ұжымы, барша білім алушылар атсалысып, өз үлестерін қосты.
Қайырымдылық – сауапты әрі қайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік артатыны анық. Алдағы уақытта да білім ордамызда осындай игі шара жалғасын табады деген сенім білдіреміз. Өз тарапымыздан барша қатысушылар мен атсалысқан әрбір жанға ризашылығымызды білдіреміз!
@birtutas_tarbie2024
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау
@oqu_agartu_ministrligi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik

